Қылмыскер Душанбеге ұшып кетпек болған
Астана халықаралық әуежайында қазақстандық полицейлер алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қазақстандық тәртіп сақшыларына Әзірбайжан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросы сұрау салған.
Ақпаратқа сәйкес, ер адам 2022 жылы Бакудегі әлеуметтік үйлерден пәтер алуға көмектесуге уәде беріп, жергілікті тұрғындардың ақшасын заңсыз иемденген. Қылмыскер Астанадан Душанбеге ұшып кетпек болған.
Қазір ол елордалық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды.