Halyq Uni логотип
×

Еліміз мұнай таусылса, қандай салаларға үміт артады?

Бүгінде ұлттық экономика әлі мұнайға тәуелді

 Дәурен Ерболат 30.10.2024 | 16:37
Еліміз мұнай таусылса, қандай салаларға үміт артады?
Фото: Halyq Uni

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстан мұнай таусылса, қандай салаларды дамытатынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысынан соң вице-премьерге «Жыл сайын Қазақстан орташа есеппен мұнайды сатудан 40 млрд доллар пайда табады. Еліміздің Тәуелсіздік алғанына 32 жыл болды. Біз әлі мұнайға тәуелдіміз. Алайда елімізде мұнай қоры азайса немесе таусылса, Қазақстан экономикасы қандай секторларға үміт арта алады?» деген сауал жолданды.

Нұрлан Байбазаров бүгінде оң көрсеткіштерге ие салаларды атады.

Біріншіден, өңдеу өнеркәсібі. Оның даму динамикасы тау-кен өнеркәсібінен асып кетті. Біз бұл саланы дамытуымыз керек. Мұнда салықтар мен жұмыс орындары бар.

Екіншіден, сауда саласы. Қазір Қазақстанның жалпы ішкі өнімін (ЖІӨ) алып қарасақ, онда сауданың үлесі жоғары.

Үшіншіден, құрылыс және көлік әрі қарқынды дамып келе жатқан байланыс, интернет саласы бар. Осы салаларға біз жаңа технологияларды енгізу арқылы, экономикамызды дамыта аламыз, - деді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстан экономикасы мұнайға тәуелді екенін айтқан болатын. Бұл ретте спикер доллардың қымбаттауына қандай факторлар әсер етуі мүмкін екенін түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама