×

ШҚО-да қант жеткізуге уәде берген әйел 30 млн теңгені қолды қылған

Ол 19 адамды алдап кеткен

 Динара Амантай 30.10.2024 | 13:13
Фото: Halyq Uni

Шығыс Қазақстан облысында қант жеткізуге уәде берген әйел тұрғындарды 30 млн теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды Halyq Uni.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, облыстың 19 тұрғыны ведомствоға ұқсас арызбен жүгінген. Алаяқ әйел оларға қант жеткізіп беруге уәде беріп, ақшаны алғаннан кейін хабарсыз кеткен. Жалпы шығын шамамен 30 млн теңге болды.

Тәртіп сақшылары алаяқтық жасады деген күдікпен 31 жастағы әйелді ұстады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, – делінген полиция хабарламасында.

Сот шешімен күдікті үй қамағына отырғызылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама