Оларға қомақты айыппұл салынды
Қарағанды облысында ауыр жүк көлігінің жүргізушілері жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақтоғай ауданы прокуратурасының мәліметінше, өңір тұрғындары шамадан тыс жүк тиелген ауыр көліктердің облыстық маңызы бар трассамен жүруіне шағымданған.
Аудан прокуратурасының бастамасымен полиция қызметкерлері аталған көліктерді анықтап, ұстады. «Қарағанды облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы» басқармасының мамандары оларға қатысты әкімшілік материалдар рәсімдеді.
Бір ай ішінде жалпы көлемі 2 млн 900 мың теңгеден асатын 5 әкімшілік хаттама рәсімделіп, айыппұлдар төленді, – делінген прокуратура хабарламасында.
Ақпарат үшін, автокөліктің жалпы салмағы жүкпен бірге келесі мәндерден аспауы керек: