Күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды
Түркістан облысының мал шаруашылығын дамытуға субсидия ретінде бөлінген 200 млн теңгеден астам қаржы жымқырылған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Прокуратура мәліметінше, Сауран ауданының тұрғыны 20 адамның электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, жалған мәліметтер енгізу арқылы 3 жыл ішінде иелігінде шын мәнінде жоқ ірі қара малға мемлекеттен 203 млн теңге субсидия алған.
Облыс прокуратурасы қаражатты жымқыру фактісі бойынша құжаттарды СДТБТ-не тіркеп (Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4–тармағы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») сотқа дейінгі тергеп-тексеру арнайы прокурорларға жүктелген.
Күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.