Halyq Uni логотип
×

Астанадағы Кенесары хан ескерткішіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Апатты деп танылған нысан іргетасының құлау қаупі бар

 Халық үні 29.10.2024 | 22:17
Астанадағы Кенесары хан ескерткішіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі
фото: gov.kz

Астана қаласының мәдениет басқармасы тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында Есіл өзенінің жағасында орналасқан Кенесары хан ескерткішін 2024-2025 жылдары қайта жаңарту жоспарланғанын мәлім етті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ғылыми-техникалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес, нысан апатты деп танылған. Оның іргетасының құлау қаупі бар.

Жаңартылғаннан кейін ескерткіш 2025 жылдың көктемінде орнына қайтарылады, - делінген хабарламада.

Жаңарту мына жұмыстарды орындауды қамтиды:

  • мүсінді қалпына келтіру;
  • тұғырды және оған іргелес аумақты жаңғырту;
  • бұрғылау үйіндісін орнату;
  • құрылымды кейін монтаждау және тұғырды қаптау материалымен әрлеу.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама