Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Абай облысында есірткіні тағам ішіне жасырып, түрмеге өткізбек болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, оқиға қауіпсіздігі аралас мекемеде болған. Ер адам түрмеде жазасын өтеп жатқан 29 жастағы танысына сәлемдеме алып келген. Оның арасында мәнті ішіне жасырылған есірткі де болған.
Түзеу мекемесінің тексеру тобы мен Ұлттық ұлан сарбаздары сәлемдемені тексеріп, 24 мантының ішіне жасырылған есірткіні анықтады. Нәтижесінде жалпы салмағы 650 грамнан асатын гашиш тәркіленді. Жазасын өтеушінің үстінен Қылмыстық кодекстің 297-1 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді мекеме басшысының орынбасары Ерсін Ахметжанов.