Halyq Uni логотип
×

Санкция астындағы Ресей: Қазақстан шетелге трактор экспорттамақ

Биыл 9 айда елімізде 5 мыңнан аса трактор мен комбайн өндірілген

 Дәурен Ерболат 29.10.2024 | 14:34
Санкция астындағы Ресей: Қазақстан шетелге трактор экспорттамақ
Фото: gurk.kz

Геосаяси жағдай мен шетелдік брендтердің Ресейден кетуіне байланысты Қазақстан басқа елдерге трактор экспорттай алады. Бұл туралы Қазақстан өнеркәсіптік инвесторлар одағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Қайрат Еламанов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, еліміздегі 8 кәсіпорында тракторлар мен астық жинайтын комбайндар шығарылады. Олар фермерлердің жыл сайынғы қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Сатып алынатын 10 трактор мен комбайнның тоғызы Қазақстанда шығарылған.

Сондай-ақ, 20-дан аса кәсіпорын тіркеме және аспалы ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын өндіреді. Соңғы жылдары Қазақстанда алғаш рет жаңа өндірістер ашу және аспалы және тіркемелі ауыл шаруашылығы техникаларының көлемін арттыру мүмкіндігі пайда болды. 3 жыл бұрын олардың импорты 90%-ға жеткен. Жыл сайын аталған техника бойынша импортқа тәуелділік төмендеп келеді, – деді Қайрат Еламанов Үкімет отырысында.

Бірлестік басшысы отандық тракторларды экспорттау мәселесі маңызды болып қала беретінін жеткізді. Алайда геосаяси жағдайға байланысты елімізде шетелге трактор сатуға мүмкіндік пайда болған.

Соңғы жылдары көрші елдерге экспортты ұлғайту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қалыптасқан геосаяси жағдайға және шетелдік брендтердің Ресей Федерациясынан кетуіне байланысты Қазақстаннан трактор экспорты үшін нарық ашылды. Биыл маусым айынан бастап Ресей Федерациясында тракторларды тіркеу тек өздігінен жүретін машиналардың электронды паспорт жүйесі арқылы іске асырылады. Алайда қос ел арасында электронды паспорт жүйесі интеграцияланбаған, - деді ол.

Еске салайық, 2022 жылғы 24 ақпанда Ресей Украина территориясына басып кірген еді. Содан кейін әлем елдері РФ-ке санкция сала бастаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама