Алматы облысында 19 адам эвакуацияланды

Динара Амантай

Құтқарушылар өртті толығымен сөндірді

Фото: Halyq Uni

Алматы облысында пәтердегі өрт кезінде 19 тұрғыны эвакуацияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ мәліметінше, Шамалған ауылында төртқабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы балкон мен пәтер өртеніп, от үшінші қабаттағы балконға ауысқан.

Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер 19 тұрғынды, оның ішінде 5 баланы баспалдақ маршымен эвакуациялады. Сондай-ақ, өрттен 1992 жылы туған қыз құтқарылды, – делінген хабарламада.

Құтқарушылар өртті толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.