Halyq Uni логотип
×

Қазақстан Моңғолияда мал ауруларына қарсы вакцина өндірісін ашады

Мемлекет басшысы қазақстандық ғалымдардың мүмкіндігін атап өтті

 Динара Амантай 29.10.2024 | 14:50
Қазақстан Моңғолияда мал ауруларына қарсы вакцина өндірісін ашады
Фото: Halyq Uni

Алдағы уақытта Қазақстан Моңғолияда вакцина өндірісін ашады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Президенттің айтуынша, екі ел делегациясы ауыл шаруашылығы, өндіріс, көлік-логистика және энергетика саласына қатысты нәтижелі келіссөз жүргізген.

Қазақстанда мал ауруларына қарсы вакцина шығаруға мүмкіндік бар. Осы орайда, алдағы уақытта Моңғолияда вакцина өндірісін ашуға келістік. Сонымен қатар жаңа технологияны, қазба байлықты бірлесіп игеруге тоқталдық, инвестиция мәселесін талқыладық. Мен Қазақстанның электронды үкімет, киберқауіпсіздік және ғарыш саласындағы жетістіктеріне тоқталдым. Өздеріңізге мәлім, елдерімізде табиғи ресурс мол. Темір, фосфат, боксит және басқа да сирек кездесетін минерал кеніштерін барлап, игеру үшін бірлесе жұмыс істейміз. Қазақстан кәсіпкерлері Моңғолияның тау-кен саласын зерттеуге дайын. Келіссөздер барысында көлік-логистика мәселелері туралы әңгімелестік. Халықаралық дәліздердің бәсекеге қабілетін арттыру – маңызды міндеттің бірі. Ол үшін екі ел арасындағы және басқа мемлекеттермен көлік қатынасын жетілдіру қажет. Сонда елдеріміздің аумағы арқылы тасымалданатын жүк көлемі ұлғая түседі. Транскаспий бағыты мен Солтүстік-Оңтүстік дәлізін тиімді пайдалану маңызды, – деді президент.

Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Моңғолияға аттанған еді. Сапар барысында екі ел президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама