Учаскелердің кадастрлық құны – 150 млн теңге
Ақмола облысында үш жылдан аса пайдаланылмай тұрған жерлер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ерейментау ауданы прокуратурасының мәліметінше, биыл қадағалау актісінің негізінде 3 жылдан астам мақсаты бойынша пайдаланылмаға, кадастрлық құны 150 млн теңге болатын жалпы ауданы 15 мың гектар 6 жер телімі қайтарылған.
Сондай-ақ, аудан прокуратурасының бастамасымен жалпы кадастрлық құны 408 млн теңге болатырн ауданы 59,2 мың гектар 8 жер телімін алып қою бойынша азаматтық істер сотта қаралып жатыр.