Қазақстан су инфрақұрылымын салуда Испаниямен ынтымақтасады

Динара Амантай

Шетелдіктер сала мамандарының біліктілігін арттыру бойынша да қолдау көрсетуге дайын

Фото: Halyq Uni

Қазақстан мен Испания су инфрақұрылымын салу және маман даярлау бағытында ынтымақтастық орнатуға дайын. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрінің Испания өнеркәсіптік инженерлер қауымдастығы өкілдерімен кездесу барысында белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Шетелдік делегация министрге Испанияда және басқа мемлекеттерде іске асырылған ірі жобалар туралы айтты. Өнеркәсіптік инженерлер қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, испандық құрылыс компаниялары Қазақстанның су шаруашылығы нысандарында жұмыс істеуге ниетті.

Сонымен қатар, шетелдіктер сала мамандарының біліктілігін арттыру бойынша да қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Бүгінде испандық компаниялармен жерасты суларын барлау және зерттеу мәселесін пысықтап жатырмыз. Бізге испан инженерлерінің тәжірибесі, сонымен қатар бірлесіп маман даярлау мүмкіндігі қызық, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.