Алматы облысында малшы үш адамға оқ атты

Халық үні

Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 39 жастағы күдікті ұсталды

kingstonshotgunsports.com

Алматы облысында Іле өзені маңында аңшы мылтығынан оқ ату салдарынан 3 ер адам зардап шекті. Адам өлтіруге оқталған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 27 қазанда Қонаев қаласына жақын жерде болған. Бұл ретте мас халдегі малшы жолдастарына аңшы мылтығынан оқ атқан.

63 жастағы ер адам дене жарақатымен жергілікті ауруханаға жеткізілді. Тағы екеуіне медициналық көмек көрсетілді.

Адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 39 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады, - деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазір қылмыстың барлық мән-жайын зерделеу бойынша кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында, - деп атап өтті ведомство өкілдері.