Тоқаев Чехия президентіне жеделхат жолдады

Қымбат Елтайқызы

Хат мазмұны белгілі болды

фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Чехия арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді, – делінген ақпаратта.

Тоқаев Петр Павел мен барша чех халқына құт-береке тіледі.