Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде бұрқасын болады
Еліміздің 12 облысында және Астанада күтіліп отырған тұман мен көктайғаққа байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжауынша, Астанаға түнде және таңертең тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысына түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысының батысы мен оңтүстігіне тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында және шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігіне түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстікте шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні – 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысына түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды облысының батысына, солтүстігіне, шығысына түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен батысына тұман түседі.
Күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел күндіз облыстың оңтүстігінде – 15-20 м/с.
Түнде және таңертең батысқа, Маңғыстау облысының орталығына тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігіне түнде тұман түседі. Таңертең оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысына тұман түсіп, көктайғақ болады.
Түркістан облысының батысында және солтүстігінде күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарына тұман түседі. Солтүстікте күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың таулы аудандарында – 15-20 м/с.
Күндіз солтүстікте, Ұлытау облысының орталығында кей жерде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең шығысқа, облыс орталығына тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады.