Halyq Uni логотип
×

Мысықтың иесіне тигізер пайдасы орасан – зерттеу нәтижесі

Нидерландтықтардың көбі мысықты отбасының бір мүшесі санайды

 Халық үні 27.10.2024 | 23:10
Мысықтың иесіне тигізер пайдасы орасан – зерттеу нәтижесі
фото: ru.pinterest.com

Мысықпен бірге тұру иесінің физикалық және психикалық денсаулығына жақсы әсер етеді. Арнайы зерттеу нәтижесінде ғалымдар осындай қорытындыға келіп отыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мәліметтерге сенсек, көп жағдайда мысық иелерінің оларды отбасы мүшесі ретінде жиі қабылдайтыны жазылған.

Нидерландта 1 800 мысық иесі қатысқан зерттеуде олардың жартысы мысықтарын отбасыларының мүшесі деп санайтынын айтты. Әрбір үшінші адам өз мысығын баласы немесе ең жақын досы ретінде қарастырады. Жануарды адал, қолдау көрсететін және сезімтал деп есептеген, - делінген ғалымдар жазбасында.

Бұл ретте мысық иелерінің жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болу қаупін төмендетуге көмектеседі екен. Сонымен қатар олар адамның психологиялық күйіне оң әсер етеді. Депрессияда жүрген науқастарда мысықты сипау немесе ойнау дерттің белгілерін азайтатын көрінеді.

Жалпы практика дәрігері Сергей Алендеев мысыққа және басқа үй жануарларына күтім жасау зор жауапкершілікті талап ететінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама