Ол финалда ирандық балуанға қарсы белдеседі
Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан үшінші рет әлем чемпионатының алтын жүлдесі үшін белдеседі.
Ризабек Айтмұхан Албанияның Тиранда қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Жақында ғана екі дүркін әлем чемпионы атанған ол кеді 23 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдесіне таласады.
Айта кетсек, Ризабек Айтмұхан алғашқы айналымда канадалық Каллум Уильям Нокты, екінші белдесуінде польшалық балуанды және жартылай финалда ресейлік Имам Гаджалиевті 7:4 есебімен ұтып, үшінші рет әлем чемпионатының финалына шығып отыр. Енді финалда ирандық балуанға қарсы белдеседі.
Жалпы, Ризабек Айтмұхан бұған дейін Испанияның Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем біріншілігінің жеңімпазы атанған болатын.