WBO британдық боксшы Хамза Шираз екеуі арасындағы келіссөздердің мерзімін ұзартқан болатын
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ақпан – жекпе-жек үшін тамаша ай. Мен ақпан айында дайын боламын! Бірақ менімен кім жекпе-жекке шығады деген сұрақ туындайды, – деп жазды ол Х әлеуметтік желісіне.
Еске сала кетсек, бұған дейін Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлы мен британдық боксшы Хамза Шираз (21-0, 17 КО) арасындағы келіссөздердің мерзімін ұзартқан болатын.
Жәнібек Әлімханұлы – WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан бөлек, IBF белбеуінің иегері. Ал оның қарсыласы Хамза Ширазда WBC Silver және EBU Еуропа чемпион белбеулері, сондай-ақ Бокс кеңесі достастығының титулдары бар.