Тимур Сүлейменовтің қызметі өсті
Ол Дәурен Абаевтың орнына келді. Ал Абаев Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалған еді
Тимур Сүлейменов Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды. Бұған дейін ол Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылсын, - делінген Ақордада жарияланған жарлықта.
ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ
1978 жылы 5 сәуірде туған.
Павлодар мемлекеттік университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша (АҚШ) Мэриленд университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген, Менеджмент, қаржы саласындағы бизнес магистрі, Ұлыбританиядағы бухгалтерлер мен аудиторлар ассоциациясында сертификатталған.
2009 жылдан 2012 жылға дейін - Дүниежүзілік банктің Қазақстан бойынша басқарушысының орынбасары және ЕҚДБ Қазақстан бойынша басқарушысының орынбасары, Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Экономикалық даму және сауда вице-министрі.
2012 жылғы ақпан айынан 2016 жылғы желтоқсанға дейін - Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты бойынша алқа мүшесі (министр).
2016 жылғы желтоқсаннан 2019 жылғы 1 наурызға дейін - Ұлттық экономика министрі.
2019 жылғы 1 наурыздан 2019 жылғы 22 наурызға дейін - Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
2019 жылғы 22 наурыздан бастап - Президент көмекшісі.
2019 жылғы 22 шілдеден бастап - Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.