×

Елімізде 35 мың арнаулы әлеуметтік қызметкер бар

Бүгін елімізде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні

 Ербол Тұрымбет 27.10.2024 | 17:48
Фото: diapazon.kz

Дәстүр бойынша қазанның соңғы жексенбісінде Қазақстанда Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні аталы өтеді. Биыл мереке 27 қазанға келеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бүгінде халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 35 мың маман жұмыс істейді. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, арнайы педагогтар және әлеуметтік қызметкерлер бар. Республика бойынша әлеуметтік қызметкерлер саны 12 704 адамды құрайды, оның 1 251-і үкіметтік емес секторда жұмыс істейді.

Қазақстанда 830-ға жуық мемлекеттік ұйым АӘҚ көрсетеді. Олардың ішінде арнаулы қызмет көрсету орталықтары, күндізгі болу орталықтары, оңалту орталықтары және үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері бар. Сондай-ақ, еліміз бойынша 184 ҮЕҰ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Әлеуметтік қызметкерлер 8 қызмет түрін көрсетеді, атап айтқанда: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек және әлеуметтік-медициналық.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер алушылардың жасын және денсаулық жағдайын, сондай-ақ тұру жағдайларын ескере отырып, оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес тағайындалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама