Оны куәгерлер түсірген
Астанадағы №1 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасында түсірілген болуы мүмкін деген әлеуметтік желіде жарияланды. Суреттерде балалар төсегінің әбден кірлеп кеткені, сантехниканың тым нашар күйге түскені байқалады, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Астана - Что? Где? Когда?» телеграм-арнасында жарияланған суреттерді желі қолданушысы Жанболат Шаймерденов салған. Ол суреттердің «Орбитадағы балалар ауруханасынан» екенін жазған. Сонымен бірге, оның сөзінше, №2-балалар ауруханасында да жағдай осылай.
Пара алатындардың бүкіл ақшасын Астана қаласында және бүкіл Қазақстан бойынша ауруханаларды жөндеуге жіберу керек. Барлық сантехника ескірген, төсектің қандай екенін көріп отырсыздар, деп жазды ол.