Зерендідегі соғыс жауынгерлеріне қойылған ескерткішті бүлдіріп тастаған
Полиция бұл жағдайға қатысты іс қозғады
Зерендідегі соғыс жауынгерлеріне арналған ескерткіштің бүлінген видеосы жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ескерткіштің қасбетінің қирап жатқаны әлеуметтік желіде тарады. Ақмола облысы полиция департаменті бұл жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
Вандалдар Зеренді ауылында орналасқан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған ескерткішті қорлағаны анықталды. Қазір полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған адамдарды анықтау үстінде. Оқиғаны ашу және тергеу Департамент басшысының жеке бақылауында, деп жазылған полиция мәлімдемесінде.