Павлодарда көшедегі төбелес камераға түсіп қалды
Полиция барлығын анықтаған
Павлодар қаласында куәгерлер жас жігіттердің арасындағы төбелесті видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Видеода оқиғаның түнгі уақытта Павлодар көшелерінің бірінде болған. Оқиғаға шамамен он шақты адам қатысқан. Бір сәтте екі жігіт үшінші адамды ұрып-соғып, жерге құлатқаннан кейін, оны сол күйінде қалдырып кеткен. Сол уақытта тағы екі адам қашып құтылуға тырысқан басқа ер адамды ұрып жатады.
Тағы бір видеода бірнеше жігіттің бір адамды ұрып жатқанын, ал қасындағы тағы үш жігіттің басқа біреуді теуіп жатқанын көруге болады. Әлеуметтік желі қолданушылары оқиғаның жабық тұрған полиция пунктінің жанында болғанын жазған.
Павлодар облысы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, оқиғаға жасөспірімдердің қатыспағанын растады.
Осы оқиғаға қатысқан барлық тұлға анықталып, полицияға жеткізілді. Олардың жасы 22-36 аралығында. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша әрқайсының әрекетіне құқықтық баға беріледі, – деп хабарлады өңірдің полиция департаменті.