Алматы облысында екі жасөспірім тау шыңына көтеріліп, адасып қалған

Ербол Тұрымбет

Құтқарушылары оларды жерге түсірді

Фото: ТЖМ

Алматы облысында 17 жастағы екі жасөспірім биіктігі 3050 метр болатын Фурманов шыңына көтеріліп, адасып қалған, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ мәлімдеуінше, олар ұялы телефон арқылы 112 нөміріне қоңырау шалып көмек сұраған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы Алматы қаласының құтқару қызметімен бірлесіп «Панорама» шыңында құтқару лашығында тауып алды, деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Жас туристер қауіпсіз жерге түсіріліп, құтқарушылар оларды ата-аналарына тапсырған.