Halyq Uni логотип
×

Республика күні елімізде 850 сәби дүниеге келді

Ең көбі – Түркістан облысында

 Ербол Тұрымбет 27.10.2024 | 09:32
Республика күні елімізде 850 сәби дүниеге келді
Фото: qazaqstan.tv

Олардың 434-і ұл, 416-сы қыз бала. Сондай-ақ, араларында 7 егіз бар, деп хабарлайды Halyq Uni.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, өңірлер бөлінісінде бір тәулік ішінде туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көшбасшы болды. Облыста 122 нәресте дүниеге келген. Екінші орында Астана, қалада 89 отбасы қуанышқа бөленген. Үшінші орында – Алматы, мұнда 88 сәби өмір есігін ашқан.

Жүкті әйелдер мен босанған әйелдердің денсаулығын сақтау мақсатында босандыру қызметінің өзекті мәселелері бойынша республикалық және өңірлік сараптамалық кеңес барлық жерде жұмыс істейді. Ауыр жағдайда әйелдерді емдеуге жатқызу үшін жеке посттар ұйымдастырылған, сондай-ақ, мамандардың қатысуымен жүкті әйелдерге тәулік бойы мониторинг жүргізіледі, деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама