Halyq Uni логотип
×

Мамандар ірі өрттің алдын алды

Өрттің себебі анықталып жатыр

 Дәурен Ерболат 26.10.2024 | 16:06
Мамандар ірі өрттің алдын алды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Түркістан облысында өрт сөндірушілер 80 тонна мақтаның өртенуіне жол бермеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ мәліметінше, оқыс оқиға Мақтааралы ауданы Ақалтын ауылында мақта өңдеу зауытында болды. Кәсіпорындағы 150 шаршы метр алаңда 40 тоннаға жуық жиналған мақта жанды.

Мамандар өрттің 350 шаршы метр алаңға таралуына және 80 тонна мақтаның өртенуіне жол бермеді.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама