Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді
Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ

Фото: РИА Новости / Александр Кряжев
Жетісу облысында магнитудасы 3,6 балл болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қазақстан ұлттық дерек орталығының жедел мәліметінше, бүгін сағат 11:24-те Лепсі ауылынан батысқа қарай 30 шақырым жерде жер сілкінісі болды.
Магнитудасы mb=3.6, энергетикалық классы К=8.3.