Мұнда өнімнің бағасы нарықтан төмен
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы жалғасуда, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұл жолы елордаға тауарларды Ақмола облысының өндірушілері әкелді. Жәрмеңкеде 100-ден аса өнім түрі ұсынылды. Ақмолалық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер жалпы салмағы 300 тоннадан асатын тауар жеткізді.
«Демалыс күнгі жәрмеңкені» өткізу әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді және тұрғындар 10-15% төмен бағамен табиғи азық-түлікті сатып ала алады. Бұл фермерлер үшін де тиімді. Өйткені делдалдардың саны едәуір азаяды, – деді облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан.