×

Көкшетауда дропперлер ұсталды

Олар зейнеткерлерден ақша алған

 Дәурен Ерболат 26.10.2024 | 12:48
Скрин видео

Көкшетауда полиция 2 дропперді ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, 18 жастағы жігіттер қаладағы үш зейнеткерден 6 млн теңгеден аса ақша алған.

Олар телефон-алаяқтарының құрбаны болды.

22-23 қазанда зейнеткерлерге бір уақытта қоңырау шалынған. Алаяқтар өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырып, немерелерінің көлік апатына түскенін айтқан. Олар мәселені ақшамен шешуге болады деп түсіндірген. Жәбірленушілерден қаржыны Алматыдан Көкшетауға келген 18 жастағы екі курьер алды. Полиция дропперлерді ұстады.

Күдіктілер бұл жұмысты Telegram-нан тапқанын айтты. Олар кураторлардың нұсқауы бойынша Көкшетауға келген. 2 күнде курьерлер үш мекенжайда болып, зейнеткерлердің ақшасын алған. Олар алынған қомақты қаржыны алаяқтар көрсеткен банк шотына аударды, - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде бұл деректер негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілерден жауап алынуда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама