×

Тоқаев Аустрия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қос мемлекет арасындағы байланыс нығая түседі

 Дәурен Ерболат 26.10.2024 | 12:20
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия федералды президенті Александр Ван дер Белленді Аустрияның Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент жеделхатта екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Аустрияның ықпалдастығы қос халықтың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленге және Аустрия халқына құт-береке тіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама