Науқасқа медициналық көмек уақытында көрсетілді
Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді өлімнен аман алып қалды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, науқас шұғыл түрде қаладағы №2 аурухананың перзентханасына жеткізілді. Ол көп қан жоғалтып, 3-дәрежелі геморрагиялық шок алған.
Операциялық үстелде жүкті әйелдің жүрегі тоқтап қалды. Алайда анестезиологтар, акушер-гинекологтар, мейіргерлер, трансфузиологтар жүрек-өкпе реанимациясын сәтті жүргізді. Науқастың жағдай бір қалыпқа түскен соң қан кетуді тоқтату үшін ота жасалды. Дәрігерлердің үйлесімді іс-әрекетінің нәтижесінде науқас өлімнен аман қалды, - деп жазылған хабарламада.
Бүгінде әйел босанды. Ана мен сәбидің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Олар үйге баруға дайындалып жатыр.