Астанада мерекелік отшашуды 10 мыңнан аса адам тамашалады

Дәурен Ерболат

Іс-шара демеушілердің қаржысы есебінен ұйымдастырылды

Фото: елорда әкімдігінің баспасөз қызметі

Елордада Республика күніне орай ұйымдастырылған отшашуды 10 мыңнан аса адам тамашалады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, фейерверк 25 қазан кешкі сағат 21:00-де Триатлон паркі аумағында атылды.

Отшашуды тамашалауға 10 мыңнан аса адам келді. 4 минут ішінде аспанға биіктігі 30-250 метр болатын 2,5 мың отшашу ұшырылды.

Айта кетейік, ұлттық мерекеге орай 100-ден аса түрлі форматтағы іс-шара (концерттер, қойылымдар, көрмелер, спорттық іс-шара және тағы басқа) өткізілді.