×

Қазақстан туы бейнеленген панно құрастырылды

Картинаның жалпы салмағы 500 келіден асады

 Дәурен Ерболат 26.10.2024 | 09:45
Фото: MEGA Silk Way

Астанадағы MEGA Silk Way сауда – ойын-сауық орталығында Республика күні мемлекеттік ту бейнеленген панно құрастырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

3 мың рубик текшесінен тұратын картинаны жинауға 6 сағат кетті.

Іс-шараға қатысушы Әлихан Ертұрсынның айтуынша, пиксильдерден тұратын картинаның графикалық нұсқасын әзірлеуге бір күн кеткен, ал картинаның жалпы салмағы шамамен 500 келіден асады.

Іс-шараның мақсаты – жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама