Қаскелеңде бес қабатты тұрғын үй өртенді
Оқыс оқиғадан бір адам зардап шекті
Алматы облысы Қаскелең қаласында бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ мәліметінше, тұрғын үйдегі 5-қабаттағы пәтер жанған.
Мамандар баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялады. 15 адам өз күшімен далаға шықты.
Өрт сөндірушілер жалынның басқа пәтерлерге таралуына жол бермеді. Өрттің аумағы – 70 шаршы метр.
Оқыс оқиға салдарынан 1957 жылы туған әйелді күйік шалды. Ол ауруханаға жатқызылды.
Өрттің себебі анықталып жатыр.