×

БҚО ауылында 4 тонна шөп өртеніп кетті

Зардап шеккендер жоқ

 Халық үні 25.10.2024 | 21:09
фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Батыс Қазақстан облысында өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Нақты айтқанда, Теректі ауданының Ақжайық ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде 4 тонна шөп өртенді.

Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің шаруашылық құрылыстарға таралуына жол берілмеген. Жалын 16 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар департаменті шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама