Олардың 10-ы – ұл, 6-ы – қыз
25 қазан – Республика күнінде таңғы сағат 7:00-ге дейін Астанада 16 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Елорда әкімдігі ресми сайтының жазуынша, олардың 10-ы – ұл, 6-ы – қыз.
Қалалық перинаталдық орталықта 6 бала дүние есігін ашты. Ал №2 қалалық көпбейінді аурухана дүние есігін ашқан 5 нәрестені қуанышпен қарсы алды.
Сондай-ақ, №3 көпбейінді қалалық ауруханада өмірге келген 5 сәбидің аналарын Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілдері құттықтады.