СҚО-да республикалық көлік жолы жабылады
Онда жөндеу жұмыстары жүргізілмек
«Қазавтожол» ҰК 25-27 қазан аралығында Солтүстік Қазақстан облысында М-51 республикалық көлік жолында көлік қозғалысы шектелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ұлттық компания мәліметінше, «РФ шекарасы (Челябі) – Петропавл, Омбы арқылы – РФ шекарасы (Новосібір)» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 525-530 шақырымы аралығындағы бөлігінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Бұл аралықта осы күндері шұңқыр жөндеу жұмыстары жүргізілмек.