Астанада көршілер өрт шыққан пәтерден баланы құтқарып қалған
Ал анасы дүкенге шығып кеткен
112 пультіне Байқоңыр ауданында Кравцов көшесінің бойындағы бесқабатты тұрғын үйдің 3-қабатында пәтер жанып жатқаны, пәтердің ішінде бала бар екені туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Halyq Uni.
Шақыру орнына келген құтқарушылар ТЖМ қызметкерлері келгенге дейін көршілері пәтердің кіреберіс есігін ашып 2018 жылы туған баланы құтқарып алғанын анықтады. Өрт сөндірушілер 1 шаршы метр алаңда жанып жатқан матрас пен линолеум өртін жедел түрде сөндірді, – деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.
Бала зардап шекпеген. Ал өрттің себебі анықталып жатыр.
Белгілі болғаны, баланың анасы дүкенге шығып кеткен.