СҚО-да М-51 трассасында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Дәурен Ерболат

Автожолда жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Солтүстік Қазақстан облысында М-51 республикалық маңызы бар автожолда көліктің барлық түріне шектеу енгізілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Биыл 25-27 қазан аралығында Солтүстік Қазақстан облысында М-51 (Челябі (Ресей) – Новосібір (Ресей) – Петропавл – Омбы) трассасының 525-530 шақырымында шұңқыр жөнделеді. Осыған байланысты аталған учаскеде көліктің барлық түріне шектеу енгізіледі, - деп жазылған «ҚазАвтоЖол» компаниясы таратқан хабарламада.