Ол 18 жасында майданға аттанған
Алматыда әскери қызметкерлер 100 жасқа толған Ұлы Отан соғысының ардагерге сый-сияпат көрсетті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Зейнеткер Қамбар Сәрсеновтің 100 жылдық мерейтойы Республика күнімен тұспа-тұс келді. Ардагерді Медеу аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының басшылығы құттықтады.
Қамбар Сәрсенов 1924 жылы 25 қазанда Қостанай облысында дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, оқудан кейін майданға жіберілген.
Ол Беларусьте, Латвияда, Литвада соғысып, Кенигсбергті алуға қатысқан.
Шайқаста көрсеткен ерлігі үшін Қамбар Сәрсенов I және II дәрежелі Отан соғысы, II және III дәрежелі Даңқ, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және көптеген медальмен марапатталған.