Павлодар-Астана әуе рейсі қайта іске қосылады
Билет 5 мың теңгеге қымбаттайды
Биыл 29 қазаннан бастап Павлодар-Астана және кері бағыттағы әуе рейсі қайта жанданады, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Павлодар әуежайы» АҚ мәліметінше, жолаушыларды SCAT Airlines әуекомпаниясы тасымалдайды.
Сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері Астанаға тұрақты рейстер ұшады. Билеттер сатылымда. Билет бағасы 5 мың теңгеге өсіп, 15 мың теңге болды, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, былтыр аталған компанияның ұшақтары сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері Астанадан Павлодарға және кері бағытта ұшқан еді. Бірақ рейстер тоқтатылды. Осылайша, Павлодардан тек Алматыға ұшу мүмкін болды.