Маңғыстау облысында 11 сайт бұғатталды
350-ден аса тергеп-тексеру тіркелді
Маңғыстау облысында есірткі жарнамалаған 11 сайт бұғатталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық прокуратура есірткі қылмысына қарсы күресі мәселесін талқылау үшін алқа отырысын өткізді. Жиынға облыс прокуроры Айдос Майлыбаев, облыс әкімі орынбасары, құқық қорғау және арнайы органдарының басшылары қатысып, есеп берді.
Жыл басынан бері өңірде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 354 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. Тәркіленген есірткі және психотропты заттардың жалпы салмағы 100 мың грамнан асты.
Прокурорлардың бастамасымен 11 сайт пен сілтеме бұғатталып, 527 көшеде есірткі жарнамасы бар граффитилер өшірілді. Марихуана өсіретін фито зертханалар жойылды, - деп жазылған облыстық прокуратура таратқан хабарламада.
Айдос Майлыбаев құқық қорғау және арнайы органдар қызметінің тиімділігінің негізгі көрсеткіштері есірткі зертханаларын анықтау, арналардың жолын кесу, сондай-ақ нашақорлардың санын азайту екенін атап өтті.