Түркия Анкарадағы терактіден кейін Сирия мен Ирактағы күрдтер нысанына соққы жасады
Шабуыл кезінде көптеген түрік қаруы қолданылған
Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі Сирия мен Ирактың солтүстігінде әуе операциясын жүргізді, деп хабарлайды Halyq Uni CNN Türk-ке сілтеме жасап.
2024 жылдың 23 қазанында Ирак пен Сирияның солтүстігінде террористік мақсаттарға қарсы әуе операциясы жүргізілді. 32 нысан жойылды, - делінген ведомстволық құжат мәтінінде.
Әуе күштерінің бұл әрекеті Күрдістанның жұмысшы партиясы топтарын (Түркияда тыйым салынған) және басқа элементтерді бейтараптандыруға, азаматтар мен қауіпсіздік күштеріне террористік актілердің алдын алуға және шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Шабуыл кезінде көптеген түрік қаруының қолданылғаны атап көрсетілген.
Бұл операцияларды жүргізу кезінде бейбіт тұрғындарға, достық күштерге, тарихи және мәдени құндылықтар мен қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін барлық шара қабылданды, - делінген хабарламада.