АҚШ Конгресіне қазақ мәдениеті туралы құнды кітаптар тапсырылды
Іс-шара 25 қазан Республика күніне орайластырылды
АҚШ Конгресіне қазақ мәдениеті жайлы құнды кітаптар берілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Мерекеге орай Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы АҚШ Конгресі кітапханасының қорына қазақ тілі, руханияты мен мәдениеті үшін аса маңызды бірқатар кітапты тапсырды.
Конгресс кітапханасының қорына «Қазақ тілі» қоғамы дайындап шығарған Oxford Qazaq Dictionary сөздігі, ағылшын тіліндегі Абай шығармаларының жинағы, Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты дайындап шығарған «Ұлы дала ойындары» және «Қазақтың отбасы фольклоры» деп аталатын еңбектер қосылды, - деп жазылған қордың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұған дейін Конгресс кітапханасына ағылшын тілінде шыққан «Қазіргі қазақ прозасы» және «Қазіргі қазақ поэзиясы» атты антологиялары тапсырылған еді.