Halyq Uni логотип
×

Астанада жол-көлік оқиғаларының саны екі есе өскен

Елорда прокуратурасында үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

 Динара Амантай 24.10.2024 | 15:28
Астанада жол-көлік оқиғаларының саны екі есе өскен
Фото: Halyq Uni

Астанада жол-көлік оқиғаларының саны екі есе өскен. Бұл туралы биылғы 9 айда елорда жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша қала прокурорының төрағалығымен өткен үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғаларының салдарынан 1 383 адам жарақат алып, 28 адам қайтыс болған, оның 3-і – кәмелетке толмағандар.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жаяу жүргіншілердің жолдан өту ережелерін бұзуы, бағдаршамның тыйым салу сигналының талаптарын орындамауы, қашықтықты сақтамау, жолдың қарсы бағытына шығу.

Сонымен қатар, бағдаршамдардың, жол белгілерінің, жарықтың болмауы да өз әсерін тигізеді.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға нақты ұсыныстар берілді, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын-алу жөніндегі шаралар кешені әзірленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама