Түркістан облысында кәсіпкерлерді алалаған басқарма басшысына айыппұл салынды

Динара Амантай

Сондай-ақ ол комиссия құрамынан шығарылды

Фото: Halyq Uni

Түркістан облысында сұйытылған газды сататын кәсіпкерлерге әкімдік газды біркелкі бөлмеген, деп хабарлайды Halyq Uni.

Прокурорлық тексеру нәтижесінде жергілікті атқарушы органның жеткізушілер арасында сұйытылған газ көлемін бөлу кезінде жасанды түрде көрсеткіштерді төмендеткені әрі өтінімдерді қабылдау кезінде қағидалармен бекітілген мерзімдер мен талаптарды бұзғаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижесінде жаңадан комиссия құрылып, оның бастамасымен сұйытылған газдың объективті бөлінуі, құқығы бұзылған 44 кәсіпкердің сұйытылған газ көлемдерін қалпына келтіруі және жасанды тапшылық пен газ бағасын көтермеу бағытындағы жұмыстарды алдын алу шаралары жасалды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар, аталған заңбұзушылықтарға жол берген энергетика басқармасының басшысы комиссия құрамынан шығарылып, тәртіптік («Қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту») және әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Оған 2,2 млн теңге айыппұл салынды.