Halyq Uni логотип
×

Астана әуежайында шетелдік әйел жалған төлқұжатпен өтпек болған

Материалдар тиісті шара қабылдауы үшін полиция органдарына берілді

 Динара Амантай 24.10.2024 | 09:26
Астана әуежайында шетелдік әйел жалған төлқұжатпен өтпек болған
Фото: Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Биыл 12 қазанда ҰҚК Шекара қызметі Астана қаласының халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының жалған төлқұжатымен кіру үшін шекарадан өтуге әрекеттенген шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Материалдар тиісті шара қабылдауы үшін полиция органдарына берілді.

2024 жылдың басынан шекарашылар мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жарамсыз және бөгде адамдардың төлқұжаттарын пайдаланудың 198 фактісін жойды, – делінген ҰҚК хабарламасында.

ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдаланып, шекараны бұзған үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама