Адам өлтіруге оқталған қазақстандық Арменияда ұсталды
Оны ҚР-ға экстрадициялау шаралары жүріп жатыр
СҚО полицейлері армениялық әріптестерімен бірігіп, адам өлтіруге оқталған қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қыркүйектің соңында Петропавлдағы көпбейінді үшінші қалалық ауруханасына бірнеше жерден пышақ жарақаты бар қала тұрғыны түскен. Медицина қызметкерлерінен хабарлама алғаннан кейін полиция дереу қылмыскерді анықтау және ұстау шараларын қабылдады.
Бейнебақылау камералары арқылы жедел қызметкерлер күдіктіні анықтады, бірақ ол қылмыс жасағаннан кейін Ресей Федерациясына қашып кеткен. Ер адамға мемлекетаралық іздестіру жарияланды.
ТМД елдеріндегі әріптестерімен жедел ақпарат алмасу кезінде күдіктінің жолын қадағалау мүмкіндігі туды.
Қазір ол қамауға алынды. Оны ҚР-ға экстрадициялау шаралары жүріп жатыр.