Halyq Uni логотип
×

Еліміздегі ең ұзын көпірді күтіп-ұстауға қанша қаржы керек?

Нысанды полиция күзетеді

 Дәурен Ерболат 23.10.2024 | 20:02
Еліміздегі ең ұзын көпірді күтіп-ұстауға қанша қаржы керек?
Фото: Halyq Uni

Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстандағы ең ұзын көпірді күтіп ұстауға қанша ақша керек екенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ашылғаны жазылған.

Ведомство басшысы көпір стратегиялық нысан екенін атап өтті.

Онда қозғалысты бақылау үшін 102 камера орнатылды. Көпірге қызмет көрсету үшін жеке бригада тартылады. Қауіпсіздікті сақтау үшін көпірдің екі басына блок-бекет қойылады. Нысанда полиция бөлімшелері жұмыс істейді, - деді Марат Қарабаев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Көпірді күтіп ұстау өңірдегі жергілікті билікке жүктеледі. Бірақ оған қомақты қаржы қажет.

Қателеспесем, оған шамамен 300 млн теңге керек. Бұл санды әлі нақтылау шарт. Бұл жұмыс облыс әкімдігінің құрылымындағы жолдарға қызмет көрсететін ұйымға жүктеледі, - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама