Halyq Uni логотип
×

«Талғарда күдікті изолятордан қашып кетті»: ІІМ кінәлілерді жауапқа тартады

Қылмыстық іс қозғалды

 Дәурен Ерболат 23.10.2024 | 17:20
«Талғарда күдікті изолятордан қашып кетті»: ІІМ кінәлілерді жауапқа тартады
Фото: Halyq Uni

Талғарда күдіктінің изолятордан қашып кетуіне жол бергендер жауапқа тартылады. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Алматы облысы Талғар ауданында ер адамның изолятордан қашып кеткені хабарланған. Ол зорлық жасады деген күдікке ілінген. Осыған байланысты «Сирена» жоспары енгізілді. Негізгі жолдарға блок-бекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құрал жұмылдырылды, делінген хабарламада.

Жұмыс істеп, іздеп жатырмыз. Күдіктіні ұстаймыз. Бұл оңай жұмыс емес. Барлық шара қабылданды. Қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Кінәлілерді жауапқа тартамыз. Салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді Игорь Лепеха Мәжілістің жалпы отырысынан кейін.

Айта кетейік, Алматы облысы полиция департаменті уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен Қалмырзаев Бекарыс Сәбитұлын іздестіріп жатыр. Ол 26 жаста. Талғар ауданы Тереңқара ауылының Новостройка көшесі, 216 үй тұрғыны. Іздеудегі адам туралы мәлімет болса, дереу полицияға мына телефондар арқылы хабарласуға болады: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102 нөмірі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама